"Бір тұтас тәрбие" бағдарламасы » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2026

"Бір тұтас тәрбие" бағдарламасы

«Бәйдібек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023ж 28 наурыздағы №249 қаулысының талаптарын жүзеге асыру мақсатында білім сапасын дамыту және жетілдіру шараларын ұйымдастыру туралы жіберілген хатқа байланысты  «Шаян» мектеп-лицей» КММ-де 2025 жылдың  қараша айында  «Ашық есік» өткізіліп тарих пәнінен мұғалімі Тунгатова Акайша , қазақ әдебиеті пәнінен Қ.Мамытова, ағылшын тілі пәнінен А.Абдештер   ашық сабақтар өткізді. Ашық сабақтарға «Бәйдібек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің тарих пәні әдіскері Е.Бөрібек және МДОІЖО Д.Одаманова,  МДТІЖО Н.Молдабекова, пән мұғалімдері мен     ата-аналар  қатысты. 

  Сабақ барысында мұғалімдер оқу мақсатын орындауда оқытудың озық әдіс-тәсілдерін пайдаланумен қатар "Бір тұтас тәрбие"     бағдарламасы аясында сабақ мазмұнына негізделген тәрбие құндылықтарын сіңіруге де баса көңіл бөлді. Сабақтарда оқушылар өз ой ұшқырлықтарын, саралау, талдау деңгейіндегі тапсырмаларды еркін орындай алатынын көрсетті. "Ашық есік" күніне келген ата-аналар балаларының білім деңгейімен бірге мектептегі қосымша білім беру саласы бойынша қатысатын үйірмелерін аралап көрді. Білім беру ұйымының педагогтеріне өз алғыстарын білдірді


https://www.facebook.com/share/v/1AFunztBhg/?mibextid=wwXIfr