2023 жылдың 19-20 желтоқсан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пән олимпиадасы » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023 жылдың 19-20 желтоқсан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пән олимпиадасы
19
февраль
2024

2023 жылдың 19-20 желтоқсан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пән олимпиадасы

2023 жылдың 19-20 желтоқсан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңіне қатынасқан «Шаян» мектеп-лицей» КММ-нің 9-11 сынып оқушылары аудан мектептері арасында алдыңғы орыннан көрінді. 2023 жылдың 26 желтоқсанында аудандық пәндік олимпиададан үздік нәтиже көрсеткен 20 білім алушыны және олардың ұстаздарын мектеп директоры Д. Амизов арнайы құттықтап, мамандығын мақтан тұтқан майталман ұстаздардың шәкірттерінің облыстық кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орынмен оралуына тілектестігін білдірді. Білім бәйгесінде бақ сынаған оқушыларымыздың ішінен 1-орын иеленген математика пәнінен 10-сынып оқушысы Есенкелди Ақерке (пән мұғалімі К.Асилбекова), орыс тілі пәнінен 10-сынып оқушысы Сарсенбай Сағыныш (пән мұғалімі А.Байбатшаева), география пәнінен 10-сынып оқушысы Муханқызы Нұрай (пән мұғалімі Н. Турымбетова), ағылшын тілінен 11-сынып оқушысы Асанхан Гүлнұр (пән мұғалімі Г. Бұхарбай), құқық негіздері пәнінен 11-сынып оқушысы Қиясхан Абылай, 10-сынып оқушысы Тұрар Нұрдина (пән мұғалімі Ж.Махаш) информатика пәнінен 11-сынып оқушысы Фархатұлы Эльдар (пән мұғалімі Ж.Аязбаева) сынды оқушылар ұстаздарының мерейін үстем етті.

Жүлдегерлер қатарын тарих пәнінен 11-сынып оқушысы А. Қуандық (2-орын), 10-сынып оқушысы Е. Тулебай (Алғыс хат), биология пәнінен 9-сынып оқушысы А.Аманжол (2-орын), 11-сынып оқушысы А. Болатқызы (3-орын), 10-сынып оқушысы М.Темір (Алғыс хат), информатика пәнінен 10-сынып оқушысы Д. Қалдыбекқызы (2-орын), орыс тілінен 9-сынып оқушысы Ж. Занайлабдин (2- орын), физика пәнінен 11-сынып оқушысы Оңғарбай Диас (3-орын), 10-сынып оқушысы М.Қайратбекқызы (Алғыс хат), химия пәнінен 11-сынып оқушысы А.Жұман (3-орын), 9-сынып оқушысы А. Тұрсынбай (Алғыс хат), құқық негіздері пәнінен 9-сынып оқушысы Ұ. Асанхан (Алғыс хат), ағылшын тілі пәнінен 9-сынып

оқушысы Ә. Жамбыл (Алғыс хат) толықтарды.

Олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен шәкірттерімізді, ата-аналарын, ұстаздарын ұжымымыздың атынан құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік болсын!