Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылдың 12 қазандағы № 307 бұйрығына сәйкес пәндік олимпиадасы
Бүгін Түркістан облысы,Бәйдібек ауданы"Шаян"мектеп-лицей"КММ-де елімізде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылдың 12 қазандағы № 307 бұйрығына сәйкес ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиадасы басталды. Олимпиаданың мақсаты-Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау,неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу,олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануын айқындау болып болып табылады. Олимпиаданың ашылу салтанаты республика бойынша бір мезетте 9:00 басталды.Олимпиаданың ашылу салтанатында мектеп-лицей директоры Амизов Дәулет Жылқайдарұлы білім алушыларға сәттілік тілеп,бірінші кезең олимпиадасының жеңімпаздары ертеңгі күні облыс көлемінде ауданымыздың абыройын асқақтатуға үлес қосатындықтарына сенім білдірді.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Одаманова Дина Ниязқызы жалпы олимпиаданың өтілу ережесімен таныстырып,барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.Салтанатты жиын мектеп оқушыларының өнерімен жалғасын тауып,білім алушылар олимпиаданың бастапқы кезеңін ағылшын тілі пәнінен тапсырды.Білім алушыларға сәттілік серік болсын! |