КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР
АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ
АЛДЫН-АЛУ
"Шаян"мектеп-лицей" КММ-де 2025-2026 оқу жылының 25 қыркүйек күні "Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу басты міндет" тақырыбында аудан прокуратурасының прокуроры Азат Тлеужанқызы және білім бөлімінің әдіскері Бегеров Нұржан Досжанұлы мектеп әкімшілігі, сынып жетекші және 10-11 сынып оқушыларына кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – кәмелетке томағандар арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтың алдын-алу , қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты келеңсіз жағдайларға қоғамның назарын аудару. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомблық, буллинг, нашақорлықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандарға қатысты келеңсіз жағдайларға қоғамның назарын аудару мақсатында мектеп әкімшілігі, сынып жетекші және 10-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға заң алдындағы жауапкершілікті, құқықтық сауаттылықты арттыру, қазіргі заманда өзекті мәселе екендігіне тоқталды. Бегеров Нұржан Досжанұлы өз сөзінде мектебміздің аудандық білім , ішкі саясат, ішкі істер бөлімдерімен және орталық ауруханамен бірлескен жоспарларымен тұрақты түрде жұмыстар жүргізілетінін айтып өтті. “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын қолдай келе, оқушыларды тәрбие үштағанының идеологемалары Әділетті Қазақстан, Озық ойлы ұлт, Адал азамат құндылықтарын оқушылардың бойына сіңіруге шақырды.
Жиын барысында тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетілді.Оқушылар кездесуден өздеріне пайдалы көптеген мәліметтер алды. Кездесу жоғары дәрежеде өтті.
#QR_Oqu_agartu_ministrligi
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#Түркістан_облысының_Прокуратусыhttps://www.facebook.com/share/p/ 176v6wuWjp/?mibextid=wwXIfr |
