Ардагерлер кеңесінің кезекті отырысы
Бәйдібек ауданының білім бөлімінің жанынан құрылған Ардагерлер кеңесінің кезекті отырысы өткізіліп, аудан көлемінде білім саласындағы саясаттың жүзеге асырылу жағдайы талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Пернеев атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырып, консультативті-кеңесші органның білім саласындағы саясатты жүзеге асырудағы мақсаты мен міндеттері туралы айтып өтті.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ө.Алдамжаров Кеңестің жұмысына жоғары бағасын беріп, алда тұрған міндеттерді жүзеге асыруда сәттілік тіледі.
Ережеге сай білім бөлімі жанынан құрылған Ардагерлер кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар тыңдалып, Алғабас, Мыңбұлақ ауылдық округінен кеңеске жаңа мүшелер сайланды.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарын жаңғыртудан (реновация) өткізу туралы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізілген “Шаян” мектеп-лицейінде атқарылған жұмыстар таныстырылды.