"Ұрпаққа үлгі ғұмыры"атты ерлік сағаты
#біртұтас_тәрбие
#адалазамат
Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, "Шаян"мектеп-лицей" КММ-де 2025 жылғы күзгі шақыру науқанын тиімді дайындау және өткізу мақсатында әзірленген " Күзгі шақыру науқаны" бойынша медиа жоспардың 26 -тармағы бойынша 2025 жылдың 18қыркүйек күні АӘжТД мұалімі А.Жанысбаевпен мектеп кітапханашылары Қ.Қонысова, А.Рсымовалардың ұйымдастыруымен 10 сынып оқушыларымен "Ұрпаққа үлгі ғұмыры"атты ерлік сағатымыз ауданымыздан шыққан қос батыр С.Әбдіжаппаров пен Қ.Сыпатаев ағаларымыздың ерліктерін дәріптеу мақсатында ашық ерлік сабағы өткізілді. Ашық ерлік сабағына Бәйдібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің, Жұмылдыру бөлімшесінің бастығы-бөлім бастығының орынбасары капитан Бексұлтан Абылайхан Қалмаханұлы қатысып Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиетті борышы» екенін,Бауыржан Момышұлының «Әскери қызмет дегеніміз – дені сау әрбір азаматтың асыл парызы, ардақты борышы, кімде-кім әскери қызметтен жалтарса ол патриот емес» деген керемет сөзін айтып,оқушыларды әскерге баруға шақырды. Өз еліңнің патриоты болу, оны қорғау – әр азаматтың Отан алдындағы абыройлы міндеті, қасиетті борышы деп әскери өмір туралы патриоттық әңгімелер айтылды.Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
https://www.facebook.com/share/p/ 1Bihf1eNCs/?mibextid=wwXIfr
