"Біртұтас тәрбие бағдарламасы "негізінде мектепішілік күзгі каникул іс-шаралары
#Біртұтас_тәрбие"Бәйдібек ауданының білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "Шаян"мектеп-лицей"КММ-нің мектеп оқушыларының күзгі демалыс күндері(2023жылғы 30 қазаны мен 05 қараша) бос уақытын тиімді өткізу әрі тұлғалық дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие бағдарламасы "негізінде мектепішілік күзгі каникул іс-шараларының жоспарына сай ғылыми жоба жұмыстары мазмұны туралы ақпараттық-танымдық сұхбат сабақ өткізілді.Ақпараттық-танымдық сабақта директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасар міндетін уақытша атқарушы А.Ергешова ғылыми жұмыстың рәсімделіу мен талаптарын,қағидаларын түсіндіріп,қойылған сауалдарға жауап берді. 2023-2024 оқу жылында облысқа жолдама алған 9"А"сынып оқушысы Жамбыл Әсел,10"А" сынып оқушысы Тулебай Ерсұлтан,11"А" сынып оқушысы Жамбыл Адэля өздерінің тәжірибесімен бөлісіп,оқушылардың сауалдарына жауап берді.Сұхбат әрбір білім алушы үшін тиімді ақпаратқа толы болды. |