4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне
4 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ «Шаян» мектеп-лицейі» КММ жанындағы «Балдырған – 2026» жазғы сауықтыру лагерінде 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихы мен маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді. Балалар мемлекеттік рәміздердің авторларымен танысып, олардың тәуелсіз еліміздің басты құндылықтарының бірі екендігін түсінді. Оқушылар Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың парызы екенін атап өтті. Іс-шара барысында патриоттық әндер орындалып, танымдық сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау. #МемлекеттікРәміздерКүні #4Маусым #Балдырған2026
![]() ![]() |

