1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балдаурен – 2026» жазғы сауықтыру лагері
«БАЛДАУРЕН – 2026» ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІНІҢ АШЫЛУЫ «Шаян» мектеп-лицей» КММ-де 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балдаурен – 2026» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Лагерьдің мақсаты: Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, бос уақытын мазмұнды әрі пайдалы өткізуге жағдай жасау, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау. Мерекелік іс-шара барысында алғашқы сөз кезегі аудандық білім бөлімінің бас маманы Тоқпанбетов Мэлс Жұмабекұлы сөз алып, балаларды айтулы мерекемен құттықтап, жарқын жазғы демалыс пен табысты күндер тіледі.Іс-шара барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Бейжігіт Меделхан сөз сөйлеп, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне тоқталып, сақтық шараларын қатаң ұстанудың маңыздылығын түсіндірді. Келесі кезекте мектеп-лицей директоры Амизов Дәулетхан Жылхайдарұлы құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын жазғы демалыс тіледі. Мерекелік бағдарлама аясында оқушылар ән шырқап, би билеп, түрлі қызықты ойындар мен сайыстарға белсене қатысты. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі мерекенің сәнін келтірді. Сонымен қатар демеушілер тарапынан балаларға балмұздақ таратылып, мерекелік көңіл-күй ерекше әсерге бөленді. «Балдаурен – 2026» лагері балаларға шаттық пен қуаныш сыйлап, жазғы демалыстың жарқын бастамасына айналды. #Балдаурен2026 #Балаларды Қорғау күні #ЖазғыЛагерь
|
