Таза Қазақстан» » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
июнь
2026

Таза Қазақстан»

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

Бүгін, 2026 жылғы 4 маусым күні, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Шаян» мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдау мақсатында жыл бойы мектепте арнайы жүргізілген "Таза Қазақстан: Таза аула-таза ауыл" экологиялық мектеп жобасы жоспарына сәйкес кең көлемді Акция ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздерімізге деген құрметті арттырумен қатар, қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру, экологиялық жауапкершілікті дамыту және туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайту. 

Осы орайда мектеп ұжымы, ата-аналар қауымы және оқушылар бірлесе отырып, «Таза Қазақстан: Таза аула – таза ауыл» акциясына белсенді қатысты.

Акция барысында Шаян ауылындағы мектепке қарасты 22 мөлтек ауданның көшелері және Шаян өзенінің жағалауы тазартылып, қоғамдық орындар мен аула маңдары ретке келтірілді. 5–11 сынып оқушылары ата-аналарымен және ұстаздарымен бірге белгіленген аумақтардың тазалығын қамтамасыз етіп, ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосты.

Шараға қатысқан Шаян ауылының әкімі Жамбыл Амангелдіұлы Көрікбаев мектеп ұжымына ризашылығын білдіріп, игі бастамаға сәттілік тіледі.

Іс-шара қорытындысында мектеп директоры Дәулетхан Жылқайдарұлы Амизов акцияға белсенді қатысқан ұстаздар, ата-аналар мен оқушыларға алғыс айтып, марапаттар табыстады. Сонымен қатар іс-шараға ҮЕҰ-дардан "Домалақ ана"ҚБ-нің еріктілері де атсалысты. 

Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айғағы, ал туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Еліміздің көк Туын биік ұстап, табиғатын аялап, туған өлкеміздің гүлденуіне үлес қосу – баршамыздың азаматтық парызымыз.

Таза Қазақстан – жарқын болашақтың кепілі!

Таза ауыл – ортақ еңбектің жемісі! 

#РәміздерКүні #МемлекеттікРәміздер #ТазаҚазақстан #ШаянМектепЛицейі #ТазаАулаТазаАуыл #ЭкологиялықМәдениет #АдалАзаматБіртұтасТәрбие #Қазақстан2026

https://www.facebook.com/share/v/

1CskAM926W/?mibextid=wwXIfr