: Таза аула –таза ауыл» акция өткізілді.
«Шаян»мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 04.06.2026ж күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы өтуде. Осы бастаманы қолдау мақсатында «Шаян»мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы, ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен «Таза Қазақстан: Таза аула –таза ауыл» акция өткізілді. Акцияның мақсаты – ауылдың экологиялық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен қатар мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылардың экологиялық жауапкершілікті ойлауын қалыптастыру, сана мен ой тазалығын сақтау, отансүйгіштік, табиғатты аялау мәдениетін дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның қатысуын арттыру. Ақция барысында Шаян ауыл әкімі Көрікбаев Жамбыл Амангелдіұлы мектеп ұжымына сәттілік тілеп, қолдау білдірді. «Шаян» мектеп-лицейіне қарасты 22 мөлтек аудан бойынша көше-көшелердің барлығына 5-11 сынып оқушылары ата-аналары мен ұстаздары кесте бойынша бөлінген көшелердің тазалығын бақылап,қалдықтарды жинап шықты. Көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, аула маңдары ретке келтірілді. Қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын насихаттап, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты. Іс-шара нәтижесінде ауылдың санитарлық жағдайы жақсарып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етті. Акцияға белсенді қатысқан барлық қатысушыларға мектеп-лицей директоры:Амизов Дәулетхан Жылхайдарұлы алғыс білдіріп сыйлықтар табыстады. Таза әрі көрікті ауыл – ортақ еңбектің жемісі екені тағы бір мәрте дәлелденді.
![]() ![]() |

