«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» жалпы ұлттық экологиялық акциясы
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» жалпы ұлттық экологиялық акциясы “Шаян” мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Таза Қазақстан жалпы ұлттық акциясы аясында мектебіміздің ұжымы – ұстаздары мен кіші қызметкерлер бірігіп, тазалық пен тәртіпке үндейтін сенбілікке шықты. Олар бірлесе отырып, мектеп ауласын, қоғамдық орындарды тазалап, қоршаған ортаның көркі мен тазалығына үлес қосты. Бұл – тек тазалық шарасы ғана емес, жас ұрпаққа үлгі болатын игі бастама. Табиғатты аялау, өз ортасына жауапкершілікпен қарау – әр азаматтың борышы екенін дәлелдеген ұжым мүшелері, бұл акция арқылы тазалық – тәртіптің бастауы екенін көрсетті. Ұйымшылдық пен ынтымақтың көрінісі болған бұл сенбілік ұжымдық рухты көтеріп, қоршаған ортаның тазалығына қосқан маңызды үлес болды. #Таза_Қазақстан #Таза_таза_аула_ #Адал_азамат_біртұтас_тәрбие #Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
|

