Эстафеталық ойындар. » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
июнь
2026

Эстафеталық ойындар.






«БАЛДЫРҒАН – 2026» 


«Шаян» мектеп-лицейі» КММ -нің жанындағы «Балдырған – 2026» жазғы сауықтыру лагерінің кезекті күні қызықты әрі тартысты іс-шараларға толы болды.

Күннің басты бағдарламасы – топтар арасындағы эстафеталық ойындар. «Сұңқар», «Жас Қыран», «Барыс» және «Достық» топтарының қатысушылары жылдамдықтарын, ептіліктерін және ұйымшылдықтарын көрсетті. Балалар ойын барысында белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сондай-ақ, 5–7 сынып оқушылары арасында волейбол жарысы ұйымдастырылып, жас спортшылар өзара бақ сынасты. Жарыс тартысты өтіп, қатысушылар спортқа деген қызығушылықтары мен шеберліктерін көрсетті.

Іс-шара соңында жеңімпаз топтар мен белсенді қатысушылар марапатталып, алғыс пен қошеметке бөленді. Балалар көтеріңкі көңіл күймен тарқап, келесі күннің қызықты бағдарламаларын асыға күтті.


#Балдырған2026 #ЖазғыЛагерь #БалаларДемалысы #БірлікПенДостық #ЖазғыДемалыс



https://www.facebook.com/share/v/

19AWQRbDpe/?mibextid=wwXIfr