"Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан"
Бәйдібек аудандық "Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2021 жылдың 30 қарашасында "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" тақырыбында көркем сурет байқауы өткізілді. Кіндік қаның тамып, туып - өскен мекеніңді, табаның тиіп туған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға