"Сыңғырла, алғашқы қоңырау!"
Түркістан облысы,Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебінде бүгін "Сыңғырла , алғашқы қоңырау!" салтанат жиыны болды.Салтанатты жиынға 1сынып оқушыларымен бітіруші сыныптар санитарлық талапты сақтай отырып қатысты.Мектеп директоры Патсаханов Ғалым Әбілұлы мен ата -аналар комитетінің төрайымы Ормаханова Мейрамкул апайымыз ортаға шығып балаларға ізгі лебіздерін білдірді.1-сынып оқушыларына 11-сынып оқушылары әліппе оқулығын табыстады.