Шаян көп салалы лицей – жалпы орта мектебінде 24 қаңтар 2022 жылы күні «Жол жүрісіне қатысушылар арасында апаттылықты төмендетуге, оның ішінде балалардың жол – көлік жарақаттары профилактикасына бағытталған», «Абайлаңыз - балалар!» тақырыбымен насихаттық – ақпараттық іс-шарасы ұйымдастырылып өтті. Кең ауқымды іс – шараның ашылу рәсімі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Айтуаровтың басшылығымен ашылды. Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісі Г.Жунисбекова «Абайлаңыз - балалар!» тақырыбындағы насихаттық – ақпараттық іс-шарасымен таныстырып өтті. Ғ.Бегманова «Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік» тақырыбында баяндама оқыды. «Біз жолда жүру ережесін білеміз!» тақырыбында 1-3 сыныптар арасында сурет сайысы ұйымдастырылды. 4 сыныптар арасында «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» (сюжеттік - рөлдік ойындар) қойылды. «Жол бойында ойнау қауіпті» тақырыбында 1- сынып оқушыларына Әртүрлі бояулармен безендірілген қойылым балаларды көшеде өзін қалай ұстау керектігіне және өз бетінше жол қозғалысы қатысушысы болуға үйретіп, жол қозғалысы ережелерінің маңыздылығын оқушыларға сұрақ-жауап сайыстарын ұйымдастыру, жұмбақтар қою арқылы түсіндірілді. Сонымен қатар 4-сынып білім алушылары арасында «Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?» тақырыбында сұрақ – жауап жүргізілді.Сынып іші бағдаршам, жол белгілерінің суреттерімен, плакаттарға жазылған сөздермен безендірілді.Бұл танымдық ойынға жол полициясының өкілі қонақ ретінде шақырылып оқушылар көптеген мәліметтермен таныс болды.Сайыс өте қызықты әрі жоғары деңгейде өтті.  
|