«Жыл үздіктері-2023» салтанатты марапаттау іс-шарасы » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
февраль
2024

«Жыл үздіктері-2023» салтанатты марапаттау іс-шарасы

2023 жылдың 29 желтоқсанында аудан орталығындағы мәдениет үйінде «Жыл үздіктері-2023» салтанатты марапаттау іс-шарасы өтті.

Мерекелік шараға Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов қатысып әр салада еңбек етіп, үздік атанған сала мамандарын құттықтап, құрмет көрсетті. 2023 жылы ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі мен қоғамдық қызметте сіңірген белсенді еңбегі үшін 29 аталым бойынша жыл үздіктері арнайы құрметке ие болды.

Соның ішінде білім беру саласы бойынша «Жылдың үздік мектебі» номинациясы – «Шаян» лицей-мектебіне (мектеп директоры Амизов Дәулетхан Жылқайдарұлы) берілді. 

Білім ұясындағы әрбір оқушы мен ұстаздың, ата-ананың бірлесе атқарған жемісті еңбектерінің нәтижесінде «Шаян» мектеп- лицей» КММ-і 2023 жылды толағай табыстармен шығарып салып отыр. Оқушылар арасынан шыққан білім ,өнер,спорт салалары бойынша түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарының , қоғамдық ұйым белсенділерің , ата-аналардың қолдауымен атқарылған игі шаралар өз нәтижесін беріп келеді. Игі шараларға ұйытқы бола білген барлық ұстаздар мен ата-аналарға, білімалушыларға алғыс айта отырып, жылдан жылға мол жетістіктермен жете берейік дегіміз келеді.