Қазақстан Республикасының "Білім озаты" Шәмшібек Байзақовтың құрметіне өткізілетін "Озат ұстаз-2024" байқауының мектепішілік кезеңі
"ОЗАТ ҰСТАЗ-2024" мектепішілік байқауы 5 желтоқсан 2024 жылы "Шаян"мектеп-лицей"КММ-де ұстаздар арасында Қазақстан Республикасының "Білім озаты" Шәмшібек Байзақовтың құрметіне өткізілетін "Озат ұстаз-2024" байқауының мектепішілік кезеңі басталды. Байқаудың мақсаты:ұстаз мәртебесін көтеру,педагогтердің кәсіби біліктілігін және кәсіби өсуін қолдау,ынталандыру.Үздік педагогикалық практикаларды тарату және насихаттау. байқауға қазылар алқасының құрамы бекітіліп,ережеге сай ұстаздар өз пәнінен берілген тақырып бойынша қысқа мерзімді жоспар құру бойынша төмендегі ұстаздар сынға түсті. 1.Қ.Мамытова-қазақ тілі мен әдебиеті 2.Д.Серперова-орыс тілі мен әдебиеті 3.Ж.Махаш-тарих пәні 4.А.Абдеш-ағылшын тілі 5.З.Умирзақова-химия пәні 6.Ж.Аязбаева-информатика пәні 7.Б.Ержігіт-бастауыш сынып 8.Ж.Сапенова-технология Ұстаздарымыз өздерінің жаңашылдығымен,өзгешелігімен бойындағы қабілеті мен біліктілігін ұштастырып,оқ бойы оза шауып,жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз. |