мектеп кітапханасын пайдалану ережесі » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
апрель
2022

мектеп кітапханасын пайдалану ережесі

Мектеп  кітапханасын пайдалану

Е р е ж е с і


  1. Жалпы ережелер

           - Мектеп кітапханасын пайдаланудың  үлгі қағидалары орта білім беретін ұйымның кітапханасы туралы туралы үлгі ереже негізінде әзірленді.

          --Мектеп кітапханасын пайдалану қағидалары – оқырманның  өзара қарым- қатынасын бекітетін құжат және оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жаңа тәртібін , кітап қорына қолжетімділік тәртібін, кітапхана мен оқырмандардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. 

2.    Кітапхананы   пайдалану тәртібі

          --Кітапхана оқырмандарға абонементте және оқу залында қызмет көрсетеді.

          --Оқырмандарды кітапханаға жазу абонементте жүргізіледі.

          --Әрбір оқырманға  кітапхананы пайдалануға құқық беретін  белгілі бір үлгідегі оқырман формуляры толтырылады.

          --Оқырманның  бесеуден артық емес басылымдарды үйіне 15 күнге алуына құқығы бар.

          --Сирек  кездесетін және құнды басылымдар үйге берілмейді.


3.Оқушыларға оқулықтар мен оқу құралдарын беру тәртібі


      Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің кітапханаларында бірінші-төртінші сыныптардың оқушылары сынып жетекшілері және ата-аналары  арқылы, бесінші-он бірінші сыныптар оқушылары сынып жетекшілері немесе тиісті пән мұғалімдері арқылы оқулықтарды уақтылы алады және қайтарады.

   - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығына сәйкес мектеп оқушылары оқулықтармен  қамтамасыз етіледі.

   - Жалпы білім беретін мектептің оқушысын басқа мектепке ауыстырған кезде негізгі қордан алынған оқулықтар мен басқа да әдебиеттер осы білім беру мекемесінің кітапханасында қалады. 

  --Оқу жылының соңында оқушылар барлық пайдаланған оқулықтарын кітапханаға өткізеді. 

4.Оқырмандардың  құқықтары мен міндеттері

           -- Кітапхананың анықтама-библиографиялық және ақпарат қызметін пайдалану.

           --Кітапхананың анықтама-библиографиялық аппаратын: дәстүрлі каталогтар мен картотекаларды  және олардың электронды нұсқаларын  пайдалану.

            --Кітапхананы пайдалану қағидаларын сақтауға, кітапхана өткізетін іс-шараларға қатысуға, жыл  сайын оқу жылының басында қайта тіркеуден өтуге;          

--Кітапханада тыныштық пен тәртіпті сақтауға, кітапхана бөлмесіне үлкен портфельдер мен сөмкелерді алып кірмеуге;

--Кітапхана қорынан алынған кітаптарға ұқыптылықпен қарауға, әрбір алынған кітап үшін оқырман формулярына қол қоюға міндетті.


                                           5. Кітапхананың құқықтары  мен   міндеттері

--Оқырмандарға берілген құжаттардың кітапханаға уақытылы қайтарылуын тұрақты бақылау.

--Оқырмандардың сұраныстары мен қажеттіліктерін ескере отырып, сапалы қызмет көрсету.

--Оқырмандарға кітапхананың барлық ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігін ұсынуға, және ақпарат көздерін таңдау мен іздестіруде көмек көрсетуге;

--Кітапхана қорларын сақтау мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті.