«Төзімділік сабақтары – “Бірлігіміз жарасқан”»
16.03.2026жылы 4“В” сынып оқушыларымен «Төзімділік сабақтары – “Бірлігіміз жарасқан”» тақырыбында сабақ өткізілді. Мақсаты: Оқушылар арасында өзара сыйластықты, түсіністікті және достық қарым-қатынасты қалыптастыру, ерекше қажеттілігі бар құрдастарына құрметпен қарап, оларға көмектесу мәдениетін дамыту.Оқушыларға төзімділік, мейірімділік және адамгершілік құндылықтарын түсіндіру; Ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру; Сыныпта достық, бірлік және өзара көмектесу атмосферасын нығайту. Сабақ барысында оқушылар бір-біріне құрметпен қарап, төзімділік танытып, ерекше қажеттілігі бар құрдастарына қолдау көрсетіп, көмек берудің маңыздылығын түсінді. Сыныпта достық пен ынтымақтастық қарым-қатынасы қалыптасты.
|
