"Сыры көп, айтар қыз баланың" » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2026

"Сыры көп, айтар қыз баланың"

16 наурыз күні «Шаян» мектеп-лицей» КММ-де тәрбие жұмысы мен Қыздар ұйымының айлық жоспарына сәйкес «Сыры көп, айтар қыз баланың» тақырыбында 5–11 сынып қыздарына арналған тренинг-жиналыс өткізілді.

- Мақсаты:

Қыз балалардың бойындағы адамгершілік, инабаттылық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту, еркін пікір алмасу арқылы олардың ішкі ойларын тыңдау, өзін-өзі тануына және тұлғалық қалыптасуына ықпал ету.

Тренинг барысында қыздар өз ойларымен бөлісіп, ашық пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды. Қызықты тренингтік жаттығулар,  сұрақ-жауап кезеңдері арқылы қатысушылар бір-бірімен сырласып, сенімді қарым-қатынас орнатты.

Жиынды мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп тәлімгері және Қыздар ұйымының төрайымы ұйымдастырып, қыздарға бағыт-бағдар беріп, өмірлік маңызы бар кеңестерімен бөлісті.

- Осындай тағылымды кездесулер жасөспірім қыздардың рухани дамуына, өзіндік пікірін қалыптастыруына және қоғамда өз орнын табуына үлкен ықпал етеді.

#БіртұтасТәрбие

#ҚыздарҰйымы

#ШаянМектепЛицей

#ТәрбиеСағаты

#ҚызТәрбиесі


https://www.facebook.com/share/p

/18RHvDuWXu/?mibextid=wwXIfr