"Лазерлік құрылғыларды заңсыз пайдаланудың қауіптілігі мен оның құқықтық салдары" туралы түсіндіру және насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілді. » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Лазерлік құрылғыларды заңсыз пайдаланудың қауіптілігі мен оның құқықтық салдары" туралы түсіндіру және насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілді.
06
май
2026

"Лазерлік құрылғыларды заңсыз пайдаланудың қауіптілігі мен оның құқықтық салдары" туралы түсіндіру және насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілді.

#Лазер "Бәйдібек ауданының бөлімі"  ММ-нің     12.03.2026 жыл 568 санды хаты негізінде "Шаян"мектеп-лицей"КММ-де 5-7 сынып білім алушыларына "Лазерлік құрылғыларды  заңсыз пайдаланудың қауіптілігі мен оның құқықтық салдары" туралы түсіндіру және насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілді.

 Білім алушыларға түсіндірме:

- Лазерлік құрылғыларды заңсыз пайдаланудың қауіптілігі және құқықтық салдары

Қазіргі кезде қуатты лазерлік көрсеткіштер мен лазер құрылғылары кеңінен таралып жатыр. Алайда оларды заңсыз немесе жауапсыз пайдалану өте қауіпті және заң алдында жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

- Қауіптілігі:

- Көз көру қабілетіне зиян

Ғылыми зерттеулерге сәйкес, қуатты лазер сәулесі адамның көз тор қабығын бірнеше секундта зақымдап, көру қабілетінің тұрақты төмендеуіне немесе соқырлыққа әкелуі мүмкін.

- Әуе қауіпсіздігіне қауіп

Ұшақтың кабинасына бағытталған лазер сәулесі ұшқыштың көзін уақытша соқыр етіп, апат қаупін тудырады. Сондықтан көптеген елдерде бұл әрекет ауыр құқықбұзушылық болып саналады.

- Жол қозғалысына қауіп

Көлік жүргізушілеріне немесе қоғамдық орындарда адамдарға лазер бағыттау көруді уақытша нашарлатып, жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.

- Құқықтық салдары:

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі номері 226- V  ҚРЗ Қылмыстық  кодексі 352-1-баппен  толықтырылған. Аталған бапқа сәйкес, лазерлік құрылғыларды немесе пилотсыз ұшу аппараттарын әуе кемесіне бағыттау арқылы әуе кемесін басқаруға бөгеуіл жасау екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерде айыппұл салуға не 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғуы мүмкін. 

Лазерді әдейі адамдарға, көлік құралдарына немесе әуе кемелеріне бағыттау:

- айыппұл салуға;

- әкімшілік жазаға;

- ауыр жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

- Қорытынды:

Лазер – ойыншық емес, ол жоғары дәлдікті және қауіпсіз пайдалануды талап ететін құрал. Сондықтан оны тек ережеге сай және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып пайдалану қажет.

- Қоғамдық қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі!

МДТЖО  Қожамжарова Рахат Сейдахметқызы



https://www.facebook.com/share/p

/1H76px3ZNT/?mibextid=wwXIfr