"Тілдік археология"сайысы
"Шаян"мектеп-лицей"КММ-де "Қазақ тілі-тарихтың ізі,ұрпақтың үні,болашаққа бастар рухани көпір" қазақ тілі мен әдебиеті апталығының іс-жоспарына сай 5-7 сынып оқушылары арасында "Тілдік археология"сайысы өтті. -Сайыстың мақсаты: оқушыларды қазақ тілінің тарихи тамырына деген қызығушылығын арттыру,көне сөздердің мәнін түсінуге және оларды қазіргі заманмен байланыстыруға үйрету. -сайыс тапсырмалары: -Көне сөздің көзі.Көнерген сөздің мағынасын ашу -Сөз сыры.Өлең жолдарынан көне сөздерді тауып,қазіргі қолданысын табу -Мәндерін аш.Тұрақты сөз тіркесін бір сөзбен түсіндіру -Нәтижесі:Әрбір көне сөздердің өзіндік іздерін іздеуге,тілдің қабатын ашып,тереңде жатқан тарихи мұрамызды насихаттауға негізделді. - Қорытынды:Тілдік білімді қазіргі заманға тиесілі ұғымда қолдануда 5-сынып оқушылары ерекше қабілетімен көзге түсті.5-сынып оқушыларынан құралған "Серілер" командасы жеңіс тұғырынан көрінді.Жеңімпаз команда "Үздік тіл археологы"дипломымен марапатталды.Сайыс қызықты да тартысты өтті.
![]() ![]() |

