Бәйдібек ауданының білім бөлімінің 24.02.2026 жылғы №49 санды бұйрығын орындау мақсатында «Шаян» мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне» орай іс-шаралар жоспары құрылып, педагогикалық ұжымға таныстырылды. Мектеп кітапханашылары «Қауіпсіз болашақ» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылып, оқушыларға төтенше жағдайлар орын алған кезде сақтану жолдарын слайд арқылы айта кетті. Дауыл мен боран, су тасқыны мен сырғымалар, жер сілкінісі тақырыбында жоғары сыныптармен тәрбие сағаттары жүргізілді. Іс-шара жоспарына сәйкес Бәйдібек аудандық №10 өрт сөндіру бөліміне 10 сынып оқушыларына өрт болған жағдайда, су тасқыны, жер сілкінісі т.б табиғи апат орын алған жағдайда түсінідірме жұмыстары құрал-саймандарды көрсету арқылы қалай қолданылатыны жөнінде арнайы мамандар түсіндіріп, көрсете кетті.
 |