Аудандық білім бөлімінің 2026 жылдың 04 ақпан №187 санды хатына сәйкес «Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ауғанстаннан Кеңестік әскерлерінің шығарылуына 37 жыл толуына орай «Мен өз Отанымның патриотымын» атты онкүндік жоспарына байланысты осы аталған мектептің 2023-2024 оқу жылында бітірген түлектері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 2 курс курсанты Күмісбек Ерасыл Талғатұлы және Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шекара академиясының 2 курс курсанты Тлепбай Ердәулет Нұрболатұлымен мектептің 9-11 сынып ер балалары мен кездесу өткізілді. Курсанттар оқушыларға видео ролик арқылы толық мәлімет берді. Оқушылар арасынан бірнеше сұрақтар қойылып, оқуға түсу үшін дұрыс таңдау жасау керектігін жеткізе білді. Тарих пәні бірлестігінің ұйымдастыруы мен 9 сыныптарға Ауған соғысының басталуы мен аяқталуы, оның салдары туралы мәліметтер айтылды. Оқушылар тақырып аясында баяндамалар оқып, соғыс жылдарындағы жауынгерлердің ерлігіне тоқталды. Сонымен қатар бейбіт өмірдің маңыздылығы, тыныштық пен татулықты сақтау жөнінде пікір алмасу жүргізілді. Ауған тақырыптарына арналған «Көркем сурет» үйірмесінің оқушылары қатыстырылып, көзге ерекше түсе білген оқушыларда байқалды. Ауғанстан ардагерлері мен мектеп акт залында 10 сыныптармен ашық тәрбие сағаты өтті. Кездесу 10 сыныптың жетекшісі Бұхарбай Гаухар мен АӘжТД пәнін оқытушы-ұйымдастырушысы А.Жанысбаевтың ұйымдастыруымен өткізілді. Кездесуге келген қонақтар ардагер ағаларымыз Тілесов Марат Қайыпбекұлы, Күзенбаев Талғат Пересепұлы жәнеде Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру және әскерден тыс бөлімше бастығы капитан Серікханов Рүстем Дәуренұлы қатысты. Ардагерлерге оқушылар ойындағы жүрген бірнеше сауалдарын қойып, сауалдарына жауап алды. Ардагер ағаларымыз басынан өткен қызықты және қиын кезеңдерін оқушыларға жеткізе кетті. Қорыта келгенде оқушыларға ағаларымыз өздерінің басынан өткен жағдайларды ешкімнің басына бермесін деген сөзбен аяқтап, ардагер ағаларымызбен естелікке суретке түсті.

|