Әлемде болып жатқан табиғи және техногендік апаттардан сақтану » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әлемде болып жатқан табиғи және техногендік апаттардан сақтану
20
февраль
2024

Әлемде болып жатқан табиғи және техногендік апаттардан сақтану

“Шаян” мектеп-лицей” КММ-де 2024 жылдың қаңтар айының 23 жұлдызы күні АӘжТД пәнін оқытушы-ұйымдастырушысы Жанысбаев Асхат оқушыларға әлемде болып жатқан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше сипаттағы төтенше жағдайлар жөнінде мектеп оқушыларына хабарлама жасап, таныстырды. Онда жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады. Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар, ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады. Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады. Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады. Осындай толқындар көлемді (жер денесіне таралады) және үстінгі беттегі (жердің үстіңгі қабатын қамтитын) секілді 2 түрлі болады. Көлемді толқындар жердің үстіңгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісінің болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады. Жердің үстіңгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш болады. Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі. Жер сілкінісі, сел, су тасқыны, боран, қар көшкіні, дауыл, авария, өрт қауіпі туындаған кезде атқарылатын іс-шаралар туралы оқушылар арасында насихат жұмыстары жүргізілді