8–10 сынып оқушылары арасында “Smart Bala” атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырды.
“Шаян” мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағылшын тілі пәні мұғалімі Абдеш Айжамал ағылшын тілі пәні апталығының жоспарына сәйкес 8–10 сынып оқушылары арасында “Smart Bala” атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырды. Ойынның басты мақсаты – оқушылардың сыни ойлау, шығармашылық және мәселе шешу дағдыларын дамыту, командалық жұмысқа баулу және білімге деген қызығушылығын арттыру. Міндеттері: Логикалық ойлау және талдау қабілеттерін жетілдіру; Уақыт шектеуінде жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауға үйрету; Ынтымақтастық пен салауатты бәсекелестікті қалыптастыру; Шығармашылық және жаңашыл ойлауды дамыту; Өзіне деген сенімділік пен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын арттыру. Ойынға 4 топ қатысты: Erudit, Dreamers, BBC, Turan. Қатысушылар өз білімдерін, тапқырлықтарын және ұйымшылдықтарын жоғары деңгейде көрсете білді. Нәтижелер бойынша: I орын – Dreamers тобы (35 ұпай) II орын – Turan тобы (30 ұпай) III орын – Erudit тобы ( 28 ұпай) Номинация- ВВС тобы ( 25 ұпай) Сайыс тартысты да қызықты өтті. Әр топ ерекше белсенділік танытып, білім мен бірліктің үлгісін көрсетті. “Smart Bala” интеллектуалдық ойыны оқушылар үшін әрі пайдалы, әрі әсерлі тәжірибе болды. Барлық белсенді қатысқан оқушыларға сыйлықтар берілді және барлық қатысушыларға алғыс білдірдіреміз!
![]() ![]() |

