Саналы таңдау – жарқын болашақтың бастауы!
Бәйдібек аудандық білім бөлімінің 05.02.2026 жылғы №212 хатына сәйкес "Шаян" мектеп-лицей"КММ-де 17.02.2026ж күні «Интернетке тәуелділік – еркіндікке қауіп» тақырыбында түзету-дамыту бағытындағы пікірталас ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар интернеттің пайдасы мен зияны туралы өз ойларын еркін жеткізіп, виртуалды әлем мен шынайы өмірдің айырмашылығын талқылады. Жасөспірімдер уақытты тиімді пайдалану, жеке жауапкершілік және қауіпсіздік мәдениеті жөнінде маңызды тұжырымдар жасады. Педагог-ұйымдастырушы А. Кумекова мен педагог-психолог А. Жуандықованың жетекшілігімен өткен бұл кездесу оқушылардың саналы интернет қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Саналы таңдау – жарқын болашақтың бастауы! #ҚауіпсізИнтернет #ИнтернеткеТәуелділік
![]() ![]() |

