Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
май
2026

Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін

«Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  Бастауыш сынып мұғалімі, магистр  Қалдарова Айдана мұғалімдерге арналған шебер сабақ өткізді. Шебер сабақтың тақырыбы:«Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері» Шебер сабақтың мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін, психологиялық даму заңдылықтарын терең түсініп, оқу-тәрбие үдересінде тиімді қолдану арқылы әрбір баланың жеке тұлға ретінде толыққанды дамуына жағдай жасау.                                         Өзектілігі: Психологиялық қауіпсіз орта құру, әрбір баланың өзіне деген сенімін арттырады. Мұғалім тек білім берумен шектелмейді, сонымен қатар эмоциялық қолдаушы және тәрбиеші болуы керек.                                  Шебер сыныптың мазмұны: Мектеп режиміне бейімделу қиындығы-ерте  тұру, сабақта отыру, үй жұмыстары; Жаңа әлеуметтік ортаға үйрену-сыныптастарымен қарым қатынас орнату; Қорқыныш пен сенімсіздік-қателесуден, мұғалімнің сынынан қорқу; Оқу жүктемесіне дайын болмау-ақпарат көлемінің артуы;                            Қорытынды: Бастауыш сынып кезеңі-баланың бүкіл өміріне әсер ететін іргетас. Осы кезеңде білім мен тәрбие алу тәжірибесі баланың оқуға, өзіне қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Осындай шебер сабақтар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, заманауи білім беруіне     мүмкіндік береді.



                                                                                                ://www.facebook.com/share/p

                                                                                                    /1ArXRYmozt/?mibextid=wwXIfr