11 «А» сыныбында ата-аналар педагогикалық қолдау орталығының жоспарға сәйкес жиналысы өтті
«Шаян» мектеп-лицей» КММ-де 22.01.2026 жылы 11 «А» сыныбында ата-аналар педагогикалық қолдау орталығының жоспарға сәйкес жиналысы болып өтті. Жиналыстың тақырыбы: Желідегі қауіптер және олардың қорғану жолдары. Мақсаты: ата-аналардың онлайн ортада жасөспірімдерді тиімді қолдауға және қорғауға мүмкіндік беретін цифрлық қауіпсіздік саласындағы функционалдық құзыреттіліктерін дамыту. Міндеттері: Цифрлық ортаның негізгі қауіптері туралы ата-аналардың хабардарлығын арттыру. Ата-аналарды желідегі зорлық-зомбылық белгілерін тануға және жасөспірімдердің тәуелсіздікке деген ұмтылысын, өзін-өзі бағалауға, эмоционалды сезімталдыққа байланысты жасөспірім қыздардың ерекше тәжірибесін ескере отырып, жасөспірімдерді қорғау стратегияларын әзірлеуге үйрету. Жасөспірімдермен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, ата-аналарға сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектесу. Жиналыс барысында 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдермен қарым-қатынас жасаудың ерекшеліктерін және жасөспірім қыздардың тәжірибесінің ерекшеліктерін ескере отырып, күнделікті өмірде қолдану үшін «Интернеттегі қауіпсіздік бойынша ұсыныстар тізімін» міндеттер ұсынылады. Ата-аналар — баланың өміріндегі басты тәрбиешілер. Олардың білім беру ұйымдарымен ынтымақтастығы мен белсенді қатысуы баланың оқу жетістігіне және әлеуметтенуіне тікелей әсер ететінін міндеттеу. Алайда көптеген отбасылар ақпараттың жетіспеушілігіне, эмоционалдық қиындықтарға және баланы қолдау мәселелеріндегі сенімсіздікке тап болмауын қадағалау ескертілді. Сонымен қатар ата-аналармен өз балаларының мамандығына байланысты сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Жиналыс өте жоғары деңгейге өтті, бала қауіпсіздігі мен жауапкершілігі бірінші орында екенін түсініп тарқасты
![]() ![]() |

