«Цифрлық әлемдегі жасөспірімнің қауіпсіздігі мен жауапкершілігі» » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
май
2026

«Цифрлық әлемдегі жасөспірімнің қауіпсіздігі мен жауапкершілігі»

«Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025-2026 оқу жылындағы АПҚО жоспарына сәйкес 22 қаңтар 2026 жылы «Цифрлық әлемдегі жасөспірімнің қауіпсіздігі мен жауапкершілігі»   тақырыбында 10- сыныптар ата-аналарымен  тренинг сабағы болып  өтті. 

 Мақсаты: ата-аналардың онлайн ортада жасөспірімдерді тиімді қолдауға және қорғауға мүмкіндік беретін цифрлық қауіпсіздік саласындағы функционалдық құзыреттіліктерін дамыту

 Міндеттері: Жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы туралы ата-аналардың хабардарлығын арттыру және деректерді қауіпсіз сақтау және беру тәсілдерін көрсету; 

Ата-аналарды онлайн зорлық-зомбылықтың формаларын тануға және қорғаныс әдістеріне үйрету;

Отбасында интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін қалыптастыру;


   Ата-аналарға тренингтің мақсаты мен міндеті таныстырылды.Қазіргі жасөспірімдер ақпараттың шамадан тыс көптігі, әлеуметтік желілердің қысымы, кибербуллинг және жоғары мазасыздық сияқты көптеген қиындықтарға тап болып отырғандығы айтылды.Ұл-қыздарының  көңіл-күйлерінің күрт өзгеруі, оқшаулану, оқу үлгерімінің төмендеуі және виртуалды шындыққа шамадан тыс құмарлық сияқты қауіп белгілерін байқау маңызды болып табылатындығын талқылады. Ата-аналар үшін сенімді атмосфераны құру, ашық диалог және бірлескен пікірталастар жасөспірімді қорғауға және қоршаған әлеммен қауіпсіз қарым-қатынас жасауға үйретуге көмектесетіндігін талдап,сараптады.

  Тренинг барысында ата-аналар балалардың онлайн қауіпсіздігі бойынша не білетіні туралы шағын сауалнама алынды.Сауалнама нәтижесі бойынша талдау жасалынды


                                                          https://www.facebook.com/share/p/ 1dLWdFzQ49/?mibextid=wwXIfr