«ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
«ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ 20.01.2026 ж «Шаян» мектеп-лицей КММ-де полиция бөлімінің өкілдерімен маңызды кездесу өтті. Кездесу «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбына арналды. Шараның мақсаты — жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет пен жол қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ кибербуллинг пен әлімжеттік сынды өзекті мәселелер жөнінде жан-жақты түсінік беру болды. Кездесуге полиция бөлімінің инспекторы — полиция лейтенанты Тасимов Нұрбол қатысып, оқушылармен ашық әрі әсерлі сұхбат жүргізді. Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі пайдалы жауаптар алды. 🔹 Интернеттегі қауіпсіздік ережелері 🔹 Жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі 🔹 Әлімжеттік пен кибербуллинг айырмашылығы 🔹 Жолда жүру мәдениеті 🔹 Бөгде адамдармен сөйлескендегі сақтық шаралары сияқты тақырыптар кеңінен талқыланды. Кездесу барысында мектеп директорынын тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Молдабекова, Р.Қожамжарова барлық сыныптарда қауіпсіздік ережелері мен кеңестер талқыланатын болатынын,Құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру бағытындағы ай сайынғы түсіндіру жұмыстары жүргізілетін айтып өтті. ✨ Балалар қауіпсіздігі – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз! #ҚауіпсізБалалықШақ #ШаянмектеплицейКММ #ҚұқықтықМәдениет #ТәрбиелікКездесу
|
