«Жасөспірімді зорлық- зомбылықтан қорғау
«Шаян» мектеп-лицей» КММ-де 11 желтоқсан 2025 жыл 8 «Б», 8 «В», 7 «Ә», 6 «А» сынып жетекшілері П.Ағабекқызы,К.Асилбекова,Н.Ауелбекова, А.Нұржанова «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жылдық жоспарына сәйкес ата-аналарға арналған «Жасөспірімді зорлық- зомбылықтан қорғаудың негізі сенім мен жеке шекараға құрмет» тренинг сабақ өтті. Мақсаты: Ата-аналарға баланың жеке кеңістігін құрметтеу мен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңызын түсіндіру.Тренинг барысында сынып жетекшілер ата-аналарға «Жеке шекара» ұғымы: Шекара дегеніміз не? (физикалық,эмоционалдық,уақыттық,цифрлық) ұғым туралы туралы бірнеше мысалдармен ақпараттармен ой бөлісті. Ата-аналар «Сауалға жауап» арқылы өз ойларын ортаға салды. Ата-аналар мен оқушылар арасында ситуациялық сұрақтарға пікірталас ұйымдастырылып,тренинг сабақ өте жақсы деңгейде өтті. |
https://www.facebook.com/share/p/1DE8CXFuyC/?mibextid=wwXIfr ![]() |
