«КІТАP-АМАNАТ» жобасы » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2026

«КІТАP-АМАNАТ» жобасы

Бәйдібек аудандық білім бөлімі мен  аудандық «Аманат» партиясының ұйымдастыруымен «КІТАP-АМАNАТ» жобасы аясында «Үздік оқырман - 2025» атты оқушылар арасында аудандық кітап оқу сайысы     болып өтті. Байқауға "Шаян"мектеп-лицейден" 9 сынып оқушысы Болысбек Аяулым қатысып     жүлделі 1 орын алса, 6 сынып оқушысы Кеңесбек Айзере , «Белсенді оқырман» атты номинацияны жеңіп алды.

-үздік көркем әдеби шығамаларды кеңінен насихаттау;

Кітап оқу мәдериетін дамыту мақсатында өткен  байқауда қатысушылар  4 кезең бойынша бақ сынады.

1 кезеңде: «Мен кітапхана оқырманымын». Кітапхана оқырманы ретінде өздерін таныстырып, қандай кітапты оқуға кеңес беретіні туралы айтып шықты.

2 кезеңде: «Кітап – шабыт пен жаңашылдық көзі». Бейнеролик, слайд арқылы оқыған кітап мазмұнын 5 минутта баяндап, алған әсерімен бөлісті.

3 кезеңде: «Қазақ поэзиясының биігі». «Түркістанның таңдаулы туындысы - 2025» акциясы бойынша ақын Мұқағали Кенжетайұлының шығармаларын  қатысушылар мәнерлеп оқыды.

4 кезең сұрақ-жауап кезеңі болды. Оқушылар өздері қалаған ұяшығын ашып, сұраққа жауап берді. Кітап оқу байқауы өте  әсерлі,тартысты болып өз мәресіне жетті. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығы дипломдармен, алғыс хаттармен және заттай сыйлықтармен марапатталды.


https://www.facebook.com/share/v/1C3JXKya2n/?mibextid=wwXIfr