#Біртұтастәрбие #Оқуғақұштармектеп » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2024

#Біртұтастәрбие #Оқуғақұштармектеп

Аудандық білім бөлімінің 20.02.2024 №358 санды хатына сәйкес «Тоғыз айға тоғыз іс-шара» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мектеп кітапханасы «Оқуға құштар мектеп» тақырыбында челлендж 2024 жылдың 28 ақпан күні сағат 12:00-де бір уақытта ұйымдастырылды. Бұл челлендж отандық және әлемдік озық шығармаларды насихаттауға, білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын ,оқу сауаттылығын арттыруға, оқыған кітабын насихаттау және талдау қабілеттерін дамыту негізінде шығармашылық қиялын қалыптастыруға, кітап оқуға құштарлығын арттыруға ықпал ету. Сонымен қатар челлендж білім алушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға да негіз болды.

Челлендж білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту мақсатында өткізілді. Челленджге 8-9 сынып оқушылары қатыстырылды.

Іс – шара барысында «Сүйікті кітабым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, бір кітапты оқу арқылы оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, сүйікті кітабымен таныстырды және келесі оқырманға оқуға кеңес берді. 8- сынып оқушылары Мықтыбек Гүлсая М.Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңін Әбдибахи Құрманкүл І.Жансүгіровтың «Қырман» өлеңін мәнерлеп оқып берді. Қалауов Азамат Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» кітабын сүйіп оқығанын айтып, басқа оқушыларға да оқуға кеңес берді. 9- сынып оқушылары Аманжол Ақжайық, Жамбыл Әсел, Исаев Санжар Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» кітабын оқығандарын айтып, ортаға салып пікіралысты. Осы кітапты оқуды М.Әуезов атындағы IT мектеп лицейінің оқушыларына оқуға жолдады.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1118866065918849&set=pcb.1118485515956904&__cft__[0]=AZUkTMesg3-Czj1BPzWtoffdMsFIYKj29YkQG9mUz7dV9r6COA227jemcerYdbVPZO2qW_CcAIBrZOT3FS8DQCKUymHeGzsirMtoOfgzRAseW5auErFMpd27Yy5uzeAT8GXLbVjK9RFq4Jv38F9K2HQ9gfrxG1uwrAk-kKiH9TOa_A&__tn__=*bH-R