«Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы
#қауіпсізбалалықшақ «Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 03.12.2025 жылы Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясында мектеп оқушыларға арналған ашық форматтағы онлайн-кездесу өткізілді. Кездесуге Білім бөлімінен қызметкері П.Наушаева және мектеп ұжымы мен оқушылары белсенді түрде қатысты. Кездесуде Түркістан облысы прокурорының орынбасары Даулет Тлемисов балалардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, келесі тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді: - Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру; - Интернеттегі қауіпсіздік; - Зорлық-зомбылықтың алдын алу; - Мектеп пен көшедегі тәртіп сақтау; - Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. Жиналыс барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптарын алып, азаматтық жауапкершілік жайлы мағлұмат алды. Кездесу оқушыларға оң әсерін беріп өз дәрежесінде өтті.
![]() |

