«Буллингтің алдын алу және болдырмау жолдары»
#қауіпсізбалалықшақ «Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қауіпсіз балалық шақ» жоспарына сәйкес 28.11.2025ж күні мектепте мектеп инспекторы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және мектеп психологының қатысуымен оқушыларға «Буллингтің алдын алу және болдырмау жолдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру баяндама жүргізілді. Іс-шара барысында келесі мәселелер қамтылды: Буллинг, кибербуллинг ұғымдары және олардың түрлері; Оқушылардың құқықтары мен міндеттері; Қауіпсіз орта қалыптастыру жолдары; Қиын жағдайларда кімге және қалай жүгіну керектігі; Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары; Өзара сыйластық, жауапкершілік және мектеп тәртібі. Жиналыстың мақсаты — оқушылар арасында құқықтық білімді нығайту, буллингтің алдын алу, қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру және оқушылардың жауапкершілік деңгейін арттыру.
|
