Түркістан облысы құрамасы сапында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ жасөспірімдер арасындағы өткізілген чемпионат » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Түркістан облысы құрамасы сапында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ жасөспірімдер арасындағы өткізілген чемпионат
29
апрель
2026

Түркістан облысы құрамасы сапында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ жасөспірімдер арасындағы өткізілген чемпионат

“Шаян” мектеп -лицей “ КММ -де ҚОС ҚУАНЫШ.Жуырда қараша айының басында мектебіміздің 9 А сынып оқушысы АМАНӘЛІ АЙСАҒАЛИ және  7 Б сынып оқушысы ТҰРСЫНБЕК ШҰҒЫЛА волейбол спорты бойынша Түркістан облысы құрамасы сапында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ жасөспірімдер арасындағы өткізілген чемпионатына қатысып жүлдегер атанып қайтты. Алдымен Айсағали Шымкент қаласында өткен Қазақстан чемпионатында алтын медаль иеленіп, осымен 4 дүркін жеңімпаз атанды. Жарыстан оралған бойда Айсағали алдағы болатын жарыстарға тыңғылықты дайындығын бастап кетті. Сонымен қатар қыздар арасында Жезқазған қаласында өткен волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысқан Тұрсынбек Шұғыла күміс жүлдеге қол жеткізе білді. Жас спортшы Шұғыла биылғы жылы волейболдан облыс құрамасында 1алтын,1күміс жүлде иегері атанды. Осындай талантты жас волейболшыларымыз мектептің атын Республика көлемінде бірнеше рет шығарып, ұстаздары мен ата-анасын қуантуда.Екі спортшы да мектепте үздік, үлгілі,жақсы тәртібімен қоғамдық жұмыстарда өте белсенді. Небәрі мектеп қабырғасында жүріп Республикалық жарыстардың шыңын бағындырып жүрген осындай талантты жас өрендерімізге алдағы уақытта да сәттілік пен табыс тілейміз.


https://www.facebook.com/share/p/1HLrPyT2KU/?mibextid=wwXIfr