Ұлы халықтың- ұлы Абайы” атты оқушылар мен ата-аналар арасында ән байқауы
“Шаян”мектеп -лицей КММ-де Тілдер апталығының жоспарына сай 15 қыркүйек күні “Ұлы халықтың- ұлы Абайы” атты оқушылар мен ата-аналар арасында ән байқауы болып өтті.
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны,ұлы дана,ойшыл,сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау.
Міндеті: Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңіру. Әдеби кештің барысында
5-11 сыныптар арасында өтілген ән байқауына оқушылар мен ата-аналар қатысып,өз өнерлерін ортаға салды.
6-сыныптар бойынша Даулетова Мөлдір,Тұрсынбай Бағдаулет “Желсіз түнде жарық ай”әнін орындаса
7-сыныптар бойынша
Абдешева Гүлназ бен Берік Еркеназ 19-қарасөзін ерекше дауыспен оқыды.
8-сыныптар бойынша Абдикадир Санжар тіл туралы толғауын орындады.
9-сыныптар бойынша
Жахуда апамыз бен Тілепбай Еңлік Көзімнің қарасы”әнін орындап ерекше көзге түсті.
10-сыныптар бойынша
Толқын Сералиева мен Аблаз Мариям “Сегіз аяқ” әнін нақышына келтіре отырып орындады.
Кеш соңында оқушылар мен ата-аналар Алғыс хаттармен марапатталып,сый-сияпаттар табысталды.
https://www.facebook.com/share/v/
19MmADpiPu/?mibextid=wwXIfr
