5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдер күні мерекесі» » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
октябрь
2024

5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдер күні мерекесі»

Бәйдібек ауданының білім бөлімі, облыстық «Білім беруді дамыту орталығы»КММ-нің 2024жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 5-15 қыркүйек аралығында тілдер мерекесіне орай қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдер күні мерекесі» тақырыбында онкүндік өткізу жоспарланды. Осыған орай бүгін «Шаян»мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдер күні мерекесі» онкүндік іс-шаралар жоспары бекітіліп, ашылу салтанаты өткізіліп, бағдарламасы мектеп оқушыларына, мұғалімдеріне таныстырылды.

Ашылу салтанатында үш тілде тіл туралы өлеңдер оқылып, 5 қыркүйек алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне әрі 152 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты бейнебаян көрсетілді. Мектеп-лицей директоры Д.Амизов ұлттық құндылықты дәріптей отырып, тілдер апталығында қазақтың қара домбырасымен «Сағындым Алматымды» әнін орындады. 7А сынып оқушысы Абдикадир Санжар «Арнау» әнін орындаса, 9А сынып оқушысы Ерғалиқызы Лилия «Fly me to the moon» әнін орындады. 8А сынып оқушылары (А.Болысбек А.Досан, Б.Сағынбай, Е.Сағи) ағылшын тілінде тіл туралы өлең,тақпақтар оқыды. Апталықтағы іс- шаралар онкүндік бойында атқарыла береді, оқушылар белсене қатысады.

Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр адамның өз тіліне деген құрметін өз ұлтына, Отанына деген құрмет деп білу керек. Тіл мәселесін көтеруде барлық іс-шараларды ұтымды ұйымдастыруға жаппай мектеп ұжымы ат салысады. Тіл үшін күрес – тәуелсіздікке қосқан үлес деп есептейміз, тілімізге шынайы жанашырлық танытуға мектебіміздегі барлық оқушылар ат салысатынына сенеміз.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1230813588057429&set=pcb.1230813934724061&__cft__[0]=AZXN_py0whFt1zYJW5nKGGvzTwcLHz7n85xd2W3MP2x-vRF_0BLl9z9KcvkzXlhs1vYDhXSrocVfbDcvQCHMFfcjC6IHCZ8DBWR4YtFb9INNenziwsGcrIrGjXAivpDWOJJRRe_ttjD7BgUqwS2GWwF_FjmZgVosC1mT7l3dewADbw&__tn__=*bH-R