«Адал азамат» біртұтас тәрбие » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық білім бөліміне қарасты «Шаян» мектеп-лицей» КММ-де «Мектеп пен ата-ана: ортақ құндылық – Адал азамат тәрбиесі» тақырыбында аудандық конференция 01.09.2025 ж. күні болып өтті.

Конференция мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының принциптерін мектеп пен отбасында үйлестіре қолдану арқылы жас ұрпақты адалдық, еңбекқорлық және отансүйгіштік рухында тәрбиелеу.

Конференция қонақтары: Аудан әкімінің міндетін атқарушы Қырғызалиев Бақыт Тұрсынәліұлы, Қазақстанның құрметті журналисі, «Оңтүстік Ұстаздары» газетінің бас редакторы,  Бәйдібек ауданының құрметті азаматы, «Әкелер мектебі» төрағасы Серікбай Тұржан, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Атемов Ағабек, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Айтбеков Абзал Тұрғанбекұлы, аудандық «Әжелер алқасы» төрағасы Әтір Әлиева, «Қазақстан аналары – дәстүрге жол» ҚБ-нің аудандағы филиалының төрағасы, Бәйдібек ауданының құрметті азамат, Ы.Алтынсарин медалінің иегері Айсұлу Әбубакирова, «Домалақ ана» ҚБ-нің кеңесшісі, мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Мейрамкүл Ормаханаова, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Аширова Гульнар Мамыровна, «Шапағатым» мүгедектер ҚБ-нің төрағасы Жарылқапова Жанна Рысханқызы, 1-сынып оқушыларының ата-аналары және бастауыш сынып жетекшілері.   

    Қазақстан мектептеріне енгізіліп жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын кейбір ата-аналар «Тағы бір қағаз жүзіндегі науқан» - деп қабылдауы мүмкін. Бірақ бұл бастама –ұрпағымыздың болашағына бағытталған жүйелі қадам. Білім ордасы мен ата‑аналардың серіктестігін нығайту мақсатымен өткізілген «Мектеп пен ата‑ана: ортақ құндылық – Адал азамат тәрбиесі» конференциясы «1 қыркүйек –Білім күні» мерекесінің  жарқын оқиғасына айналды. Конференцияны жүргізуші «Домалақ ана» ҚБ-нің төрағасы, мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары  Қожамжарова Рахат Сейдахметқызы: баяндамашы Кәрібаева Айдана, Сәттен Айжан, Әуезбек Надира сынды спикер ата-аналарды таныстырып, «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасының өзектілігі мен бұл бағдарламаның мақсаты – жас ұрпақтың бойына адалдық, әділеттілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік сияқты асыл қасиеттерді сіңіру екендігін жеткізіп, Абай поэзиясының алтын арқауы – концепциясы ТОЛЫҚ АДАМЫ-на түсініктеме беріп кетті.

  Мектеп директоры Амизов Дәулетхан Жылхайдарұлы ата‑аналарға жыл бойы атқарылатын жобалар жайында баяндады. Ата‑аналар комитетінің белсенді жұмысы мен мұғалімдердің қолдауының нәтижесінде мектеп пен отбасы арасындағы байланыс нығайып, бірізді тәрбие жүйесі қалыптасып келе жатқанын қуанышпен жеткізіп, ата-аналарға алғысын білдірді.  Жиында жоғарыда аталған спикер үш ата‑ана сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бірінші ата‑ана мектеппен тығыз ынтымақтастықтың бала жетістігіне тигізген әсері жайлы айтып, күнделікті тәрбие мен оқу процесіне белсенді араласудың нәтижесін мысалдармен көрсетті. Екінші ата‑ана үйдегі тәрбиенің рөліне тоқталып, ата‑ананың жауапкершілігі мен үлгісінің бала мінезіне әсерін атап өтті. Үшінші ата‑ана «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының ерекше бөлімдері – «Өнегелі 15 минут» дәстүрі мен ұлттық ойындардың – отбасылық құндылықтарды нығайтудағы пайдасын баяндады.Спикерлер сөздерінен кейін еркін пікірталас өтті. Қатысушылар бағдарлама тәжірибесін қалай қолданатындарын айтып, мектеп пен ата‑ана серіктестігін одан әрі дамыту туралы ұсыныстарын ортаға салды. «Өнегелі 15 минут» жобасын үйде өткізу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушы бойындағы адалдық пен еңбекқорлықты қалыптастыру әдістері жөнінде өзекті ойлар айтылды.

Конференция барысында қонақтар бала тәрбиесіне қоғамдық ұйымдардың да атсалысуы керектігін айтып, шараның маңыздылығына ризашылықтарын білдірді. 

@altynsarin_akademiasy 

#АдалАзамат #құндылықтар

https://www.facebook.com/share/v/

                                                                           1GmMTLoXWw/?mibextid=wwXIfr