Мектебім- мейірім мекені » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2026

Мектебім- мейірім мекені

2025 жылдың 1 қыркүйек күні "Шаян" мектеп-лицейі" КММ-де 2025–2026 жаңа оқу жылының басталуына орай мазмұны терең, тәрбиелік мәні жоғары бірқатар іс-шаралар өткізілді.«Шаян» мектеп-лицейінің жаңғыртылуы1976 жылы салынған, үш қабатты, екі корпустан тұратын мектепте бүгінде 700-ден астам оқушы білім алуда. Биыл білім ордасы реновация бағдарламасы аясында қайта жаңғыртудан өтті.

Жөндеу жұмыстарының жалпы құны – 314 млн 160 мың теңге. Жобаны жүзеге асырған мердігер мекеме – «КазСтройЭверест» ЖШС.

Реновация бағдарламасының басты мақсаты – ескірген білім беру ғимараттарын заманауи әрі жайлы ортаға айналдыру. Бұл балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам болып табылады .

Сағат 9:00–10:00 аралығында мектеп алаңында *"Мектебім- мейірім мекені" салтанатты жиыны   ұйымдастырылды.Іс-шараға мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылардан бөлек, аудан әкімдігі өкілдері, ардагер ұстаздар, сырттан арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатысты.Қатысушыларға мектеп директоры мен қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, білім жолындағы жаңа қадаммен құттықтады.

1-сынып оқушылары мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, ерекше ықыласпен қарсы алынды.Концерттік бағдарламада оқушылар ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.Сағат 10:00–10:30 аралығында   мектептің Акт-залында "Мектеп пен ана ана: ортақ құндылық Адал азамат тәрбиесі" тақырыбында    конференция болып өтті.

Онда жаңа оқу жылының мақсаты мен міндеттері, білім сапасын арттыру бағытындағы жоспарлар, ұстаздар мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Сырттан келген қонақтар мектеп ұжымының жүйелі жұмысына оң бағасын беріп, өз пікірлерімен бөлісті.Сағат 10:30–11:30 аралығында мектеп ауласында жаңадан салынған, заманауи талаптарға сай жабдықталған спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі және мектептің 5-7сынып оқушыларының әкелері футболда өз бақтарын сынай білді.Қонақтар мен ата-аналар мектеп ұжымының оқушылардың дене тәрбиесіне жасаған жағдайларына ризашылық білдірді.Барлық іс-шаралар ұйымшылдықпен, көтеріңкі көңіл-күйде өтті.Салтанатты күн оқушылар мен қонақтардың жадында жарқын әсер қалдырды.

https://www.facebook.com/share/

p/17x4WzUxQc/?mibextid=wwXIfr