Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу
1 сәуір 2026 жылы "Шаян”мектеп-лицей”КММ-де Аудандық білім бөлімі , аудан әкімі аппаратының 18.02.2026 жылғы №40-04/01/464 және Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтың 2026 жылғы 16 ақпандағы №39/1818 санды хаттарына сәйкес 2026 жылдың 31 наурыз – 02 сәуір аралығында «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою, азаматтық қорғаныс жүргізу жөніндегі басқару органдарының, басшы құрамның, құралымдардың іс-әрекеті» тақырыбына сәйкес төтенше жағдайға дайындық іс-шарасы болып өтті. Іс- шара барысында мектеп ғимараты мен ауласында сағат 11:00 де дыбыстық дабыл белгісі беріліп, мұғалімдер мен оқушыларға және мектептің тех қызметкелерімен оқу жаттығуы өткізілді. Оқу жаттығу барысында оқушылар мен педагог қызметкерлерге төтенше жағдай кезінде қауіпсіз әрекет ету, эвакуациялау тәртібі түсіндіріліп, тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Қауіпсіздік – басты құндылық!
|
