19
апрель
2024
«Бес терек»
Аудандық білім бөлімінің әдіскері П.Наушаеваның 26.03.2024 жылғы №596 санды хатын басшылыққа ала отырып «Шаян» мектеп лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 09.04.2024 жылы МДТІЖО Р.Қожамжарова және мектеп психологтары А.Жуандықова мен Н.Ауесхановалардың ұйымдастыруымен сынып жетекшілерге «Бес терек» жобасының нәтижесін сайтта электронды толтырылуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан «Бес терек» жобасының нәтижесін толтыру үшін әрбір психологқа https//i-psycholoqy.kz сайтынан жеке кабинет ашылған. Сайтта көрсетілген сынып жетекшісінің мәліметі деген пуктті дұрыс әрі тиянақты толтыру әр сынып жетекшінің міндеті екендігі айтылды. Мектеп психологы А.Жуандықова сайтты ашып сынып жетекшісінің толтыратын бөліміндегі әрбір графадағы пункттермен таныстырды. МДТІЖО Р.Қожамжарова сынып жетекшілердің берген мәліметі бойынша Қ.Р Оқу ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы №61 бұйрығын басшылыққа ала отырып «үлгерімі төмен» оқушыларды мектепішілік есепке алып,тиісті мамандар жекелей жұмыстар жүргізетіндігін айтып түсіндірді.