Бала құқығы – адам құқығы
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Шаян көп салалы лицей – жалпы орта мектебінде 18.10-22.10.2021 жыл аралығында оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру мақсатында «Бала құқығы – адам құқығы» атты апталық болып өтті. Кең ауқымды іс-шараның ашылу рәсімі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Айтуаровтың басшылығымен ашылды.