«Діни экстремизм-қоғамның діни тұтастығын бұзатын әрекет»
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебі» КММ 16.11.2021 күні «Діни экстремизм-қоғамның діни тұтастығын бұзатын әрекет» тақырыбында 9 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Мақсаты: Оқушылырға қазіргі кездегі салт-дәстүрдің арақатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек діни ағымдар,олармен күресу,сақтану жолдары тұтастығында пікірлесу.Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру. Әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту. Сабақ барысында діни экстремизм туралы не білеміз? Сауалнамаға топ мүшелері өз ойларын ашық ортаға салды. «Шындық пен сұмдық » бейнефильмінен үзінді көрсетілді. Фильмдегі кейіпкерлердің киім киісі, сөйлеу әдебі, үлкенді құрметтеуі, әйел адамды ана ретінеде құрметтеу әрекеттерінің мүлде біздің салт-дәстүрімізге және ислам дініне қайшы екенін айтып пікір таластырды. Діни экстремизмнің және терроризмнің ел ішіне іріткі салмауына әрқашанда белсене елімізді қорғауымыз керек деп ойларын білдірді. Сабағымыздың соңында «Не істер едің?» Жағдаяттардың шешімін табу тапсырмасы берілді . Топ мүшелері діни экстремистердің теріс әрекеттеріне қалай шешім қабылдайтындарын, діни сауаттылығымызды арттырып ,өз ұлтымыздың салт-дәстүрін берік ұстансақ діни экстремизмге де, терроризмге де жол бермейтіндіктерін жеткізді. |

