«Татулық –талмас бақыт»
«Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Татулық-талмас бақыт» тақырыбында іс-шара жоспары жасалып бекітілді. Қазақстан халқының бірлігі күні - Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды. 18.04.2022ж «Татулық-талмас бақыт» атты тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанаты өтілді. 1-11 сыныптар бойынша «Бейбітшілік-ел тілегі» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату;
Оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;
Мақал-мәтелдер, сөздік қорын молайту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру;
Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.


