19
апрель
2024
"Plays", "Closing ceremony"
23.02.2024ж. ағылшын тілі апталығының кезекті жоспарына сай "Plays", "Closing ceremony"болып өтті. Жабылу салтанатынан бұрын 8-11 сынып оқушылар арасында «GimKit» ,«Spelling Bee», ойын жарысы өтті. Оқушылар ағылшын тілінде түрлі тақырыптарда сұрақтарға жауап берді және ағылшын орфографиясын бес саусағындай білетін оқушылар арасында үздіктер анықталды. Мектепте тұңғыш рет "Spelling bee"(Спелинг би) байқауы ұйымдастырылды. Ереже мынадай: сахнада ағылшын тілінде сөз айтылады. Қатысушы 1 минут ішінде сол сөздің әрбір әрпін еш қатесіз қайталауы тиіс. Қобалжып, бар болғаны бір қателікке бой алдырған үміткерде сайысты жалғастыру мүмкіндігі жоқ. Сондықтан 8-10 сынып оқушылар барынша өз қабілеттерін көрсете білді. Айту керек, бұл байқау АҚШ-та 1 ғасырға жуық уақыт бойы ұйымдастырылуда. Әлемнің өзге елдерінде де өткізіледі, жарыстың нәтижесінде 8 «А» сынып оқушысы Ерғалиқызы Лилия 1-орын иеленді. 8 «Б» сынып оқушылары көрініс қойып, ағылшын тілін еркін меңгергендігін көрсетті. Осы күнгі жоспар бойынша 3-4 сынып оқушылары әлемнің ұлттық тағамдарын шет тілінде таныстырып, 6 «Ә» сынып оқушысы Сейілбек Нұртілек «Yesterday» әнін саксафонмен ойнап берді. Апталыққа белсенді қатысқан сыныптармен, оқушыларды жекелей марапаттап, сыйлықтар табысталды. Алдағы уақытта іс-шараларға белсенді қатысуға шақырылды.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=1116842472787875&set=pcb.1116842829454506&__cft__[0]=AZVMvPqX1Ox0sa4ZhXLqyieiTOkIGvbIYUPNpYz8sW0rLRfX33VuV26TL_kSFupa0wj_A0UJFJxcG0otEok6FUU3mN_FhnpEporuhg1I00d62GmpUu7B0QgIQ9dtv-25Xtcm6r30HBGMzUYFGFoP4ehJLBLfwVQMZkmNebQTADA4_g&__tn__=*bH-R
https://www.facebook.com/photo/?fbid=1116842472787875&set=pcb.1116842829454506&__cft__[0]=AZVMvPqX1Ox0sa4ZhXLqyieiTOkIGvbIYUPNpYz8sW0rLRfX33VuV26TL_kSFupa0wj_A0UJFJxcG0otEok6FUU3mN_FhnpEporuhg1I00d62GmpUu7B0QgIQ9dtv-25Xtcm6r30HBGMzUYFGFoP4ehJLBLfwVQMZkmNebQTADA4_g&__tn__=*bH-R