19
февраль
2024
,,Рахмет саған, Әліппе" тақырыбында ертеңгілік
"Рахмет саған , Әліппе" «Шаян» мектеп- лицейі» КММ нің. Бастауыш сынып мұғалімдері Г.Бердалиева,Б Ержігіт,А Қалдарова 1- сынып оқушыларымен ,,Рахмет саған, Әліппе" тақырыбында ертеңгілік өткізді. Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу,өнерлерін жан- жақты көрсету.Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және білімге деген құштарлықтарын арттыру.Ертеңгілік барысында білім алушылар оқи,жаза алатындарын, 42 әріпті өз дәрежесінде меңгергенін көрсетті.Тақпақтар,өлең айтты,би биледі,көріністер қойды. Әліппеден оқып,білгендерін ортаға салды. Ата- аналар да қатысып,балаларға жақсы тілектерін білдірді. Ертеңгілік жоғары дәрежеде өтті. |