«Мен волонтермын!» тақырыбында акция өткізу » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
февраль
2024

«Мен волонтермын!» тақырыбында акция өткізу

#Біртұтас_тәрбие #Біргеміз #Волонтер #Ерікті #Челлендж #Ерікті

Бәйдібек ауданының білім бөлімінің «Шаян» мектеп-лицей» КММ 01.12.2023ж. №286 «Мен волонтермын!» тақырыбында акция өткізу туралы бұйрығы бойынша

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы қосымша білім беру департаменті 5 желтоқсан – Экономикалық және әлеуметтік даму аясындағы Халықаралық «Еріктілер күніне» орай, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 2023-2024 оқу жылының кешенді жоспарына сәйкес, әлеуметтік желілерде «Мен волонтермын!» тақырыбында акция өтіп, челлендж ұйымдастырылды. Аталған акция мектептің «Біргеміз» еріктілер тобы мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерінің қатысуымен бастау алды. 

2024-2026 жылдарға арналған балалар-жасөспірімдердің республикалық волонтерлікті дамыту жол картасына сай:

«Мен волонтермын» акциясын 11 «А» сыныбының еріктілері бастап, 10 «А» сыныбына жолдады.Челлендж ары қарай кезекті жалғасын табуда. «Біргеміз» еріктілер тобының жетекшісі Рақымжан Жылқыайдар.